Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баллонға құйып сатылатын газ бағасы жанармай бекетіндегі бағамен теңестіріледі - Энергетика министрі

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов тұрмыстық баллонға құйып сатылатын газ бағасы жанармай стансасындағы бағамен теңестірілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

газ

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Ғани Хамзин сұйытылған газ тұтынушылардың құқықтарын теңестіру жөнінде сауал қойды.

"Өңірлердің көбіне халық сұйытылған газды тұрмыстық газ баллонына құйып пайдаланады. Оларға газдың 1 литрі 116 теңгеден сатылады. Мұны жанармай құю стансаларындағы сұйытылған газ бағасымен салыстырсақ, шамамен 2 есе қымбат. Мұндай әділетсіздік қашан жойылады", – деп сұрады Мәжіліс депутаты.

Министр Болат Ақшолақов шынымен де жанармай ретінде сатылатын газ бен баллонға құйып сатылатын газдың бір зат екенін атап өтті.

"Бұл мәселені көптен бері талқылап келе жатырмыз. Шынымен де, газ жанармай құю станциясында сатыла ма, әлде газ баллонына құйып сатыла ма, екеуінің айырмашылығы жоқ. Біз мұны біріздендіреміз. Яғни баға теңестіріледі. Газды баллонға құйып пайдаланушылар үшінде баға жанармай құю станцияларындағыдай болады. Демек 1 литрі 50 теңгеден 75 теңгеге дейін болуға тиіс", – деді ведомство басшысы.
 

Талқылау