Балқаш көлінің ғарыштан түсірілген суреттері қазақстандықтарды тәнті етті

“Роскосмос” ғарыш агенттігінің ұшқыш-ғарышкері, Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) борт инженері Олег Артемьев Балқаш көлінің ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғарышкер Instagram парақшасында ХҒС-тен Балқаш көлінің әр жылдары түсірілген суреттерінің жинағын бөлісті.
"Сіздерге әр жылдары ХҒС-тен түсірілген сұлу Балқаштың суреттер жинағын даярладым", – деп жазды ғарышкер.
Фото: instagram.com/olegmks
Бұл жазба қазақстандық желі қолданушылары арасында кең тарады. Пікірлерде қазақстандықтар ғарышкерге суреттер үшін алғыс айтты.
"Олег, рахмет сізге", "Тағы да сүйікті Қазақстан мен Балқаш! Бір суретті таңдау қиын, бәрі бір-бірінен жақсы", "Біздің керемет Балқашымыз, бірінші кадрдан бірден таныдым", – деп жазды қазақстандықтар пікірлерде.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады