Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алимент төлемей, табысын жас қыздарға шашып жүр": Әнші Нұрлан Абдуллиннің экс-жары мәлімдеме жасады

Нұрлан Абдуллин экс-әйеліменФото: Видеодан скриншот / instagram.com/nurlan.abdullin

Ақмарал Баққараева есімді келіншек өзін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Нұрлан Абдуллиннің экс-әйелі ретінде таныстырып, Ulysmedia YouTube-арнасына сұхбат берді. Оның айтуынша, әнші табысын жасырып, баласына алимент төлеуден қашып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмарал Баққараева әнші Нұрлан Абдуллинмен 2012 жылы танысып, 2014 жылға дейін бір шаңырақ астында тұрған көрінеді. Олардың жас айырмашлығы – 20 жас. Ол әншімен қалай танысқанын айтып берді. 

“Екеуміз Нұрлан Нығматулиннің тойында таныстық. Мен бірден оның әнші екенін білмедім, танысуға келгенде “Үлкенсіз, ұялмайсыз ба?” деп бетін қайтардым. Бірақ ол менің нөмірімді тауып алып, менің артымнан қалмады. Оларға отбасы бола тұра, жас қыздармен қыдыру – үйреншікті жағдай. Уақыт өте келе менің де сезімім ашылды”, – деді ол.

Осылайша, олардың арасында қарым-қатынас басталып, кейін бірге тұра бастаған. Олар алғашқы жылы Нұрлан Абдуллиннің Астанадағы төрт бөлмелі пәтерінде тұрыпты.

“Мен сол жылдары бала көтердім, ол бала 2014 жылы дүниеге келуі керек еді, бірақ мен түсік тастадым”, – дейді ол.

Ақмарал Баққараеваның сөзінше, осы жайттан кейін ол әншімен қарым-қатынасын үзу туралы шешім қабылдаған. Уақыт өте келе олар қайтадан қарым-қатынасын бастаған. Ақмарал Баққараева 2017 жылы әншіден екінші рет құрсақ көтеріп, 2018 жылы МұқанАят есімді ұл баланы дүниеге әкелген.

Келіншектің айтуынша, әншінің бірінші некесінен екі баласы бар, екінші некесінен ортақ бала жоқ.

“Сонда мен үшінші әйелі болып тұрмын. Мен өзімді тоқал ретінде санамаймын, өйткені мен оның не бірінші, не екінші әйелін танымаймын. Мен туған бала – Нұрлан Абдуллиннің қаны”, – деді ол.

Ақмарал Баққараева 2018 жылы анасының пәтеріне көшіп барған. Оның сөзінше, екі жыл бойы әнші сол үйге келіп-кетіп жүрген.

“Ол осы уақыт бойы менің пәтеріме келіп-кетіп жүретін еді. Ол пәтерді маған анам сыйлады, мен ешқашан ақшадан тарылған адам емеспін. Қымбат көлік мініп алып, ұялмастан мен тұратын пәтерге келетін еді”, – деді ол.

Сөйтіп, ол 2020 жылы баласының құқығын қорғау үшін әншіні сотқа берген. Келіншек әншінің ресми емес табыстары мен жылжымайтын мүліктерін есепке алып, тиісті алимент мөлшерін өндіргісі келеді.

“Нұрлан Абдуллин – бай адам. 2024 жылы 450 миллион теңгеден екі пәтер сатып алды. Бірнеше қымбат көлік алды, яғни оның табысы көп. Ол тіпті миллиардер. Ол миллиондаған айналымы бар компаниялардың құрылтайшысы. Алайда ол баласына көмектеспеу үшін барлық табысын жасырып келеді. Ол тіпті салық төлемейді”, – деді ол.

Ол баласына ай сайын үлкен сома төлеп, ақылы мектепте оқытып жатқанын, ал Нұрлан Абдуллин мұның бірін де төлемейтінін жеткізді.

Бұған қоса, Ақмарал Баққараева әнші өзін “оқытып” алған деп есептейді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Абдуллин әлеуметтік желіге не үшін наразы екенін түсіндірген еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 14 Сәуір, 2026 12:44