Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уағызшы ретінде танылған Дарын Мубаров 860 мың теңге айыппұл арқалады

Фото: Сұхбат кадрларынан скрин

Астанада өзін "уағызшы" деп атаған Дарын Мубаров діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін осымен екінші рет жауапқа тартылды. Оған 860 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының (ДІБ) мәліметінше, бұл азамат 2025 жылғы қазанда осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған. Осылайша, ол бір жыл ішінде заң талаптарын екінші рет бұзған.

“Осы оқиға бойынша ДІБ қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 8-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Бұл бап бұрын жаза алғаннан кейін бір жыл ішінде сол құқық бұзушылықты қайта жасауға қатысты. Сот шешімімен Д.Мубаров кінәлі деп танылды. Оған 200 АЕК – 865 мың теңге айыппұлы салынды”, – делінген хабарламада. 

Дарын Мубаров көпшілік арасында дінтанушы ретінде танылған. Бұған дейін ол 4 әйелі, 31 баласы бар екенін айтып, көзге түскен еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Сәуір, 2026 12:13