Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4 әйелім, 31 балам бар": Дарын Мубаров алғаш рет отбасы туралы айтты

Белгілі дінтанушы Дарын Мубаров алғаш рет отбасы туралы айтты. Көптің көзіне түсе бермейтін уағызшы TalkLike бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дінтанушы алғаш рет 19 жасында шаңырақ көтерген. Бүгінде төрт әйелі бар. 

"Жастары есімде қалған жоқ. Дінде жүргеннен кейін мендегі сезім мынадай екен: бірінші шариғатты қоямын, шариғаттан кейін ақыл тұрады, одан кейін сезім тұрады. Сезімі жоқ адам деген емес. Сезім болады ғой. Екінші жолдасымды алуға бірінші жолдасым себеп болды. Қарағандыда сабақ беріп жүрген кезде жарықтың ақшасын төлей алмай қаласың, қиналасың ғой. Келіншегім базарда тұрып жұмыс істеу керек болып қалды. Мен медреседе сабақ беріп жүрдім. Жұмыс істеп жүрген кезде қасында мұсылман қарындаспен сөйлеседі. Әңгімеден әңгіме тереңдеп кетіп, "иә, жолдасыңызды танимын, шығуға келісімімді берер едім" дейді. Қарасам, жас қыз екен. Текті, түрі, бәрі бар. Туған-туысқандары да мықты… Біраз ойландым. Кейін келісімге келдік. "Әкеңнің алдынан өтеміз" дедім. Ол кісі келісті. Әрқайсының өз себептері болды, сөйтіп некелестік", – дейді ол.

Сондай-ақ бағдарлама жүргізушісі "Уағызыңызда 20 балам бар, 17-сі өзімнен, үшеуі әйелдерімнің артынан келген деп айттыңыз ғой. 20-мен тоқтаттыңыз ба?" деп сұрады:

"Ол тоқтамайды ғой. Алланың қалауымен болатын нәрсе. Қазір балаларымның саны – 31. Бәрін қосқанда. Аналарымен ілесіп келген үш балам бар, олар да өз баламдай болып кеткен, өте жақсы көремін. Әкелері жол апатынан қайтыс болған. Аналарын үш баласымен алғанмын. Өзімнің белімнен тарап отырғаны – 28 бала", – деді дін саласының өкілі. 

 

Талқылау