Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк теңгенің нығаюын мұнай нарығымен байланыстырды

теңгеФото: ChatGpt арқылы жасалды

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев теңге бағамына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жамаубаевтың айтуынша, жыл басынан бері теңге бағамы 5,5% нығайып, бір доллар 478,2 теңгеге дейін төмендеген.

Оның сөзінше, бұған бірнеше фактор әсер еткен:

  • әлемдік мұнай нарығындағы жағдай;
  • теңгелік активтердің инвестициялық тартымдылығының артуы және шетелдік инвесторлардың портфельдік салымдарының көбеюі;
  • экономикалық агенттердің шетел валютасына сұранысының азаюы.

Айта кетейік, бұған дейін 9 сәуір күні Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы өсіп, 479 теңгеге жеткен еді.

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 14 Сәуір, 2026 13:39