Freedom Bank жинақ ипотеканы және BI Group-пен эксклюзивті серіктестікті іске қосып жатыр

Freedom Bank пен BI Group инвестициялық-құрылыс холдингі Freedom Inside ауқымды ивентінің аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестер банк клиенттеріне тұрғын үй жинақ ипотекасы аясында жылжымайтын мүлікті сату кезінде ұсынылатын эксклюзивті шарттар туралы келісімге келді.
Freedom Bank пен BI Group-тың жаңа өнімі клиенттерге жеке тұлғалардың тұрғын үй-құрылыс жинақтары тетігін пайдалана отырып, бастапқы тұрғын үйді сатып алуға жылдық 5% (ЖТСМ – 5,1%) мөлшерлемемен және 30%-дан 50%-ға дейінгі бастапқы жарнамен жеңілдетілген кредит алуға мүмкіндік береді.
Қосымша артықшылығы ретінде жылжымайтын мүлік нысандарының цифрлық витринасының жасалуын және BI Group-тан сатылымдарға басымдықпен қолжетімділік бар екенін айтып кеткен жөн. Мұнда сатылым басталғаннан кейін алғашқы үш күнде клиенттер Freedom SuperApp қолданбасы арқылы ипотеканы тиімді шарттармен ресімдей алады.
Freedom Bank ұсынған тұрғын үй-жинақ ипотекасы қалай жұмыс істейді?
Тұрғын үй-жинақ ипотекасы бағдарламасының талаптары бойынша клиенттер 20 жыл мерзіммен, тұрғын үй кредиті бойынша жылдық 10% (ЖТСМ 10,5%) сыйақы мөлшерлемесімен, 30% мөлшерінде бастапқы жарнамен қарызды рәсімдей алады. Осы ретте алдын ала несие бойынша мөлшерлеме жылдық 10,5%-дан (ЖТСМ 11%) басталады. Алдын ала несие бойынша түпкілікті мөлшерлеме қарыз мерзіміне және депозитті жинақтау мерзіміне байланысты. Егер бастапқы жарнаның мөлшері 50% болса, онда тұрғын үй кредиті бойынша мөлшерлеме 25 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 5%-ға (ЖТСМ 5,1%) тең. Осылайша, аралық кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 7% (ЖТСМ 7,2%) болады.
Бағдарлама аясында зейнетақы қорының артығын бастапқы жарнаны қалыптастырумен қатар, ипотекаға байланған депозитті толықтыруға да пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай жағдайда депозитке ай сайын табыс есептеліп, жинау үдерісін клиенттерге барынша тиімді және табысты қылады.
BI Group-пен жасалған уағдаластықтың аясында Freedom Bank клиенттері Freedom SuperApp қолданбасында келесі әрекеттерді жасай алады:
- BI Group жаңа тұрғын кешендерінің витринасын көру;
- ипотека арқылы және ипотекасыз нарықтағы бастапқы нарықтағы үйді (соның ішінде қазаншұңқырдан басталған нысандарда) онлайн сатып алу;
- ипотекалық қарызды ресімдеушілерге BI Group нысандарындағы пәтерлерге бағаны үш күнге комиссиясыз белгілеу;
- BI Group-тың кейбір тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді үш күн ішінде эксклюзивті сатып алу.
BI Group Холдингінің атқарушы директоры Ернар Жанәділ компания тұрғын үйді сатып алу процесін жеңілдетуге басымдық беретінін мәлімдеді.
"Біз өнімге әрдайым клиенттің көзімен қараймыз және сатып алу үдерісі барынша оңай әрі ыңғайлы болуына назарымызды аударамыз. Біздің компаниямызда ыңғайлы қаржылық құралдардың көмегімен тұрғын үйді сатып алуға көмектесетін жүйе қалыптастырылған, ал Freedom Bank-пен бірге біз тағы бір мүмкіндікті – тиімді ипотекаға және цифрлық ресімдеуге қолжетімділікті ұсынамыз. Осындай ынтымақтастыққа қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз және бірге тұрғын үй нарығында технологиялар жиынының жаңа деңгейін орнататынымызға сенімдіміз", – деп атап өтті BI Group Холдингінің атқарушы директоры Ернар Жанәділ.
Ал Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жумагуловтың сөзінше, өнімді іске қосу және компаниялар арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру осы жылдың маусым айына жоспарланған.
"Жинақ-тұрғын үй онлайн-ипотека BI Group нысандарына эксклюзивті қолжетімділікпен бірге үйлесімділікте – бұл нарықтағы бірегей және қайталанбас ұсыныс. Біздің классикалық цифрлық ипотекамыз сияқты біз концептті ұзақ уақыт бойы ойластырдық және нәтижесінде бірнеше негізгі құралдарды біріктірдік: тұрғын үйді сатып алуға ақшаны жоспарлы түрде жинақтау мүмкіндігі, біздің нарық үшін барынша бәсекелі мөлшерлемелер және ыңғайлы онлайн сервис. Бұл өнім миллиондаған қазақстандықтарға өз баспанасын сатып алуға оңай әрі тиімді жолмен жетуге көмектесетініне сенімдімін", – деп айтты Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жумагулов.
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы
Жарнама құқығында
"Өлтіруге болады дегенге балалардың еті үйреніп кетпеуі керек": Зообелсенділер бұралқы иттерді өлтіру туралы заңға қарсы шықты