Әйел 73 жасында эскорт қызметіне келіп, 20 мен 90 жастағы клиенттері туралы айтып берді

Ұлыбританиялық 73 жастағы Кэролайн Ви өзінің ерекше өмір жолы мен эскорт қызметіндегі тәжірибесін бөлісті. Ол клиенттері 20 жастан 90 жасқа дейін екенін, ал бұл шешімге оны өмірлік және қаржылық қиындықтар алып келгенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tea at Four подкасына сілтеме жасап хабарлайды.
73 жастағы ұлыбританиялық эскорт қызметкері Кэролайн Ви 20 мен 90 жас аралығындағы клиенттері туралы айтып берді. Оның айтуынша, өткен аптада оған 20 жастағы жігіт келген. Ал жасы ең үлкен клиенті өзінен шамамен 20 жас үлкен. Дегенмен ол өзін жас көрсетіп, 71 жастамын деп айтқан.
"Ол қысқа ғана жолмен бес минут жүрді, кейін баспалдақпен көтерілуге тағы бес минут кетті. Сол кезде мен оның 71-де емес екенін түсіндім", – дейді Ви.
Кейін ер адам жасын азайтып айтқанын мойындағанымен, нақты жасын айтпаған. Әйел оның жасы кемінде 90-да деп болжайды. Видің айтуынша, клиенттерінің басым бөлігі үйленген ер адамдар. Бірақ олардың жұбайлары интимдік қатынасқа барғысы келмейді. Көпшілігі 50 жастан асқан және алдағы 20-30 жылды әйелмен жақындықсыз өткізгісі келмейді.

Фото: tsn.ua
Кэролайн Ви бұрын жыныстық өмірін тек 57 жасында бастағанын айтқан. 17 жасында дінге бет бұрып, 40 жыл бойы бойдақ болып жүрген. 50 жастан асқанда ғана алғаш рет танысу сайттарына тіркелген. 73 жастағы британиялық Кэролайн Ви не себепті өмірін түбегейлі өзгертіп, эскорт қызметімен айналысамын деп шешім қабылдағанын да бөлісті. Бұрын ол гүл сатушы болып жұмыс істеген және 17 жасынан бастап шіркеуге белсенді барып жүрген. Ерте жастағы сәтсіз тәжірибелерден кейін христиан дінін қабылдап, некеден тыс қатынастарға қарсы қағидаларды ұстанып, 40 жыл бойы жақын қатынастан бас тартқан.
Уақыт өте келе ол діннен және шіркеуден көңілі қалғанын айтады. 57 жасында ол өмірін өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерді іздей бастаған. Сол кезде онлайн танысу, свингерлік орта және кейін эскорт қызметі арқылы табыс табу мүмкіндігін ашқан. Қазір он жылдан астам уақыт өткен соң, Ви өз таңдаған жолына риза екенін айтады.
"73 жаста болуым өмірден ләззат алуды тоқтату керек деген сөз емес. Мен өзіммен мақтанамын. Егер бұл біреуге ұнамаса, бұл өздерінің мәселесі", – дейді Кэролайн Ви.
Зейнет жасына жақындағанда әйел жаңа серіктестермен қарым-қатынасқа тез бейімделгенін айтады. Бірақ қаржылық қиындықтарға тап болып, ипотеканы төлей алмаған кезде, таныстарының бірі оған эскорт қызметін қарастыруды ұсынған.
"Маған ақша өте қажет болды, банк үйімді тартып алар еді", – дейді ол.
Кейін Кэролайн Ви қашықтан қызмет көрсетуді зерттей бастаған. Свингерлер сайты арқылы порно режиссермен байланысқа шығып, видеоға түсіп, алғашқы табысын тапқан. Алайда уақыт өте келе оған адамдармен тікелей қарым-қатынас пен түрлі әрекет көбірек ұнай бастаған. Оның айтуынша, осы жылдар ішінде екі мыңнан астам ер адаммен танысқан. Сонымен қатар жұмыстың қиындықтары да бар екенін жасырмайды. Кейбір клиенттердің ерекше сұраныстары болады және олардың бәріне келісе бермейтінін атап өтті. Қазір Кэролайн Ви бұл жұмысты тек ақша үшін емес, өз таңдауы ретінде жалғастырып келеді. 70 жастан асса да, кіммен және қашан кездесетінін өзі шешеді.
Еске салайық, бұған дейін Ұлыбританияда компания директоры Мохаммед Асиф Хан жұмыс орнынан шамамен 660 миллион теңге жымқырып, оның 100 миллион теңгесін эскорт қызметтеріне жұмсаған. Сот оны бұрынғы жұмыс берушіге келтірілген шығынды өтемегені және сот талаптарын бұзғаны үшін алты айға бас бостандығынан айырды. Оның бір сағаттық қызметінің құны мың фунт стерлингке дейін жетеді.
"Өлтіруге болады дегенге балалардың еті үйреніп кетпеуі керек": Зообелсенділер бұралқы иттерді өлтіру туралы заңға қарсы шықты
