Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бюджеті доллар бағамына байланысты 146 миллиард теңге кірістен айырылды

ооо ақша

Фото: Stan.kz

Қазақстан бюджеті доллар бағамының өзгеруіне байланысты 146 миллиард теңге кірістен қағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны үкіметтегі брифингте қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның сөзінше, мұнай бағасы өскенімен, теңгенің нығаюы бюджет кірісіне кері әсер етті. Бұл жағдайда бюджет ұтқаннан гөрі көбірек ұтылған.

“Биыл Ұлттық қорға қосымша 162 миллиард теңге түсті. Сонымен қатар мұнай бағасының қымбаттауы есебінен экспорттық кедендік баж салығы арқылы республикалық бюджетке 40,5 миллиард теңге түсті. Алайда бюджетті жоспарлау кезінде доллар бағамы 540 теңге деп белгіленген. Ал бірінші тоқсан қорытындысы бойынша орташа бағам 497,7 теңге. Теңгенің күшеюі бірқатар салық түсімдерінің азаюына себеп болды. Соның салдарынан жекелеген салықтар бойынша бюджет шығыны шамамен 146 миллиард теңге”, – деді Біржанов.

Айта кетейік, бұған дейін 9 сәуір күні Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы өсіп, 479 теңгеге жеткен еді.

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 14 Сәуір, 2026 11:25