Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларға зорлық-зомбылықтың арты жақсылыққа алып келмейтінін түсіндіру керек": Заңгер мектептерде жаңа пән енгізуді ұсынды

Адвокат Айман Омарова Қазақстан мектептерінде 1-сыныптан бастап "Менің қауіпсіздігім" пәнін енгізуді ұсынды. Оның сөзінше, осылайша зорлық-зомбылықтың арты жақсылыққа алып келмейтінін балаларға түсіндіру керек. Сонымен қатар ол балалардың 14 жастан бастап қылмыстық жауапқа тартылатынын да қосып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Айман Омарова

Айман Омарова бұл туралы президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтты. Ал оқу-ағарту министрлігі жасанды интеллектті пайдаланатын жобаны іске қосады. 

"Бізге сотта жұмыс істейтін психологтар керек. Бірде-бір психолог сотқа барып, жауап алғысы келмейді. Олар қорыққандықтан өздеріне қалай ыңғайлы, қай тарапқа ұтымды солай жазып береді. Сондықтан сот психологтарын дайындау керек. Бағдарлама әзірлеу қажет. Прокурор ұсынғандай әлеуметтік желіде көмек беретін балалар парақшасын жүргізу маңызды. Біз суицидті төмендете аламыз, алайда оны зорлық-зомбылықпен тең дәрежеде қарау керек", – деді Айман Омарова. 

Ал президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева ахуалды әр аймақ бойынша жеке қараудың маңызды екенін атап өтті. 

"Біз бұл мәселені бүге-шүгесіне дейін қарауымыз керек. Әкімдіктер атқарған жұмысының нәтижесін көруі қажет. Ол үшін ахуалды әр аймақ бойынша жеке қарап, зерттеу маңызды. Бұл мәселеге алдағы уақытта қайта ораламыз", – деді Балаева. 

Талқылау