Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Эмир Шахмаровтың еміне 1 млн теңге берген

Оралдағы балалар үйінің 22 жастағы тәрбиеленушісі Серік Мұқашев барлық тапқан ақшасын науқас балаға аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап. 

Коронавирустық пандемияның шарықтау шегінде ол өз еркімен жұқпалы аурулар бөлімінде тәртіппен жұмыс істеді. Ол тапқан ақшасына өзіне пәтер алғысы келген. Алайда, қаражатты баланың еміне беруді жөн көріпті. 

Эмир Шахмиров - Сабина мен Талех Шахмировтардың тұңғыштары. Ол жұлын бұлшықетінің атрофиясымен күресіп келеді. Бұл қиын генетикалық диагноз, науқастың ағзасы ақуызды сіңірмейді, онда барлық бұлшықеттер біртіндеп әлсірейді, бала қозғалуды тоқтатады.

Серік Мұқашевтің бір миллион теңгені Эмир Шахмаровқа аударғанын оның досы Али Тукашев айтты, ол пандемия кезінде жұқпалы аурулар ауруханасында да жұмыс істеген.

"Ол өзі мұндай жақсылық жасағаны туралы айтқысы келмейді. Ол пәтер алуға ақша жинап жүрген. Бірақ жақсылық жасап, қаражатын аударды. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісі", - дейді досы Али Тукашев.

Али досы тіптен қанша қаражат аударғанын да айтпағанын жеткізді. 

"Мен оның өтініші арқылы есепшотыма мың теңге аудармақ болып телефон сұрадым. Аударымдарға кіргенімде, соңғы аударылған сомалар миллион теңгені құрағанын көрдім. Аударма кім екеніне мұқият қарап, оның Эмир Шахмаровтың анасы Сабина екенін түсіндім. Оның ұлы, ауыр науқас 1,5 жасар сәби, құны шамамен бір миллиард теңгенің инъекциясы үшін ақша жинап жатыр", - деді Али Тукашев.

Эмирдың анасы Сабина Шахмарованың айтуынша, ақша Эмирдің есепшотына шамамен екі апта бұрын түскен, содан кейін олар Серік Мұқашевпен телефон арқылы сөйлескен.

"Мен Серікпен бірнеше минут телефонмен сөйлестім, ол миллионды қайдан тапқанын және қазір ақша Эмирге көбірек қажет екенін айтты. Содан кейін ол маған қолдау көрсетіп, қажетті қаражаттың жиналатынын айтты", - деді Сабина Шахмарова.

Эмирдың жасы - 1 жас 8 айлық. Анасының айтуынша бүлдіршін шаршаған. Оның өмірі күнделікті жаттығуларға байланған. Өткен жылы ата-анасы баланың дамуында кемшілікті байқаған. Бала ұзақ уақыт бойы еңбектемеген, аяқтарына тік тұрмаған. Массаж курсынан кейін жақсарған. Алайда, біраз уақыт өткен соң қайта дағдыларын жоғалтқан. Дәрігерлер нақты диагнозды 5 айға жуық уақыт анықтады. Дәл диагнозды елордалық ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында қойды - "жұлын бұлшықетінің атрофиясы".  

Оңалту дегеніміз - массаж, жаттығу, дәрумендер. Ал емдеу үшін бірнеше жыл бұрын "Золгенсма" препараты ойлап табылған. Ол деструктивті процестерді тоқтатады және адамға қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Бұл әлемдегі ең қымбат дәрі. Оны тек АҚШ-та қолданады. Клиникалардың бірі Эмирді қабылдауға дайын және тіпті шот жіберген. Қарапайым қазақстандық отбасы үшін қол жетімсіз сома - 2 миллион 300 мың доллар. Бұл шамамен миллиард теңгені құрайды. Ата-аналар ештеңеден бас тартпауға шешім қабылдады. Өйткені, жалғыз ұлдың өміріне қауіп төніп тұр.

Қазақстандықтар мүмкіндігінше көмектесіп жатыр. Балаға бассейнде тегін сабақ ұсынылды. Адамдар белсенді түрде ақша жинап жатыр. Бүгінде 71 миллион теңге бар. Бірақ одан бірнеше есе көп қаражат қажет. Ең күрделісі дәрі-дәрмекті балаға 2 жасқа дейін салу керек, әйтпесе ешқандай әсері болмайды.

Реквизиттер: 

Kaspi Bank АҚ

Карта нөмірі: 5169 4971 4460 6583 8 771 483 75 55 – Сабина Сағынғалиқызы Д. (Эмирдің анасы) 

Сбербанк Қазақстан АҚ

Карта нөмірі: 4263 4333 3483 6340 8 771 483 75 55 – Сабина Сағынғалиқызы Д. 

Bank CentreCredit АҚ

Карта нөмірі: 4899 9333 3355 9357 АО 

Halyk Bank

Карта нөмірі: 4405 6397 1084 2392 8 705 328 06 63 Шахмаров Талех И. (Эмирдің әкесі) 

Ресей үшін:

Сбербанк 4276 4600 1801 5623 8 987 783 63 40 Елена Сергеевна К. (Отбасының құрбысы) 

Paypal@HelpEmir 

[email protected]

Талқылау