Балалар үйінен қашып кеткен 3 жасөспірім қыздың екеуі Алматыдан табылды
Қызылорда облысына балалар үйінен кетіп қалған 3 жасөспірім қыздың екеуі Алматыдан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Іздеу жұмыстардың нәтижесінде қыздардың екеуі 27 наурызда кешкі уақытта Алматы қаласында жүргені анықталды. Оларды табуға тұрғындардың қырағылығы мен полицейлердің кәсіби шеберлігі әсер етті. Бұл бағытта бағдарларды барлық әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жаппай тарату пайдасын тигізді. Қазір қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді. Үшінші кәмелетке толмаған қыз әлі іздестіріліп жатыр", - деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында балалар үйініде тәрбиеленуші 3 жасөспірім қызға іздеу салынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады