"Балалар үшін қорқамыз". Журналистер қазақ-қырғыз шекарасында жиналған халықты түсірді

8 ақпанда Аухатты шекара бекеті арқылы төрт мың қазақстандық Қырғызстан шекарасынан өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Шекарада таңертеңгі 8-ден бастап көліктерден құралған ұзын-сонар кезек пайда болған. 

Бұған дейін жақын маңдағы ауылдардың жергілікті тұрғындары Қырғызстанмен шекараны көлікпен және жаяу жүріп өтуге тырысқаны хабарланған болатын. Кейбіреулері көрші елге тезірек жету үшін тіпті көліктерін тастап кете барған. Көліктерде көбіне балалар мен қарттар екен.

Сондай-ақ, журналистер шекарадағы адамдармен де тілдескен. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлады.

Тәртіпсіздіктердің басталуын өз көзімен көрген, куәгерлердің бірі Нұрлан Құдашбаев:

"Ауылдан шықтық, жолда кетіп бара жатқан біздің көлігімізді белгісіз ер адам тоқтатты. Шықтым, ол мені боқтап, көлікті тепкілей бастады. Мен де мәселенің мән жайын анықтау мақсатында қарап тұрмадым, ұрыса жөнелдім. Сол сәтте қолына балға ұстаған тағы екі еркек келіп жетті. Бізді ұрып-соғып, қан жоса қылды. Әкемді балғамен кеудесінен ұрды, ол 80 жаста",-деп еске түсіреді ол.

Шекарадағы әйелдің бірі "Әркім өзінің өмірі үшін қорқады",-дейді, ал тағы бір ер адам "Балаларды бір жерге тығып отыру керек, олар үшін қорқамыз" -, дейді.


Тағы оқыңыз


Вице-премьер Бердібек Сапарбаев шекарада жиналған адамдарды тынышталуға шақырды.

Айта кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық ұрыс болған. Оқиға 8 адамның өмірін қиды. Қазір Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та білім алып жүрген журналист: Кез келген қазақ америкалық бола алады, ал америкалық қазақ бола алмайды

АҚШ-тың білім жүйесі несімен ерекшеленеді, америкалықтар ұлтаралық неке жайлы не ойлайды және қазақтарға олардан не үйрену керек?

Бағлан Әбдірайымов 10 мың теңгеден кітап сатудың себебін түсіндірді

Әнші Бағлан Әбдірайымов түрлі ұтыс ойындарын ұйымдастыру арқылы кітабын сатып жүр

Семейде денесіне цефтриаксон егілген азамат комаға түсті

50 жастағы азаматтың дәріге қарсы реакциясы пайда болған

Коронавирус тағы үш елде тіркелді

Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады

Бұған қоса кейбір аймақтарға жауын-шашын түседі

"Димашқа қатты қызықпауға тырысамын": Нұрлан Қоянбаев шоу-бизнестегі әріптестері мен елдің болашағы туралы

Продюсер: "Нұрлан, киноға баруға ақшамыз жоқ" дегенде қатты уайымдап кетемін

Қазақстанда 13 жасында жұмысқа кіргізем деп алдап, жезөкшелікке салған

Құлдық бойынша жиһанның 167 мемлекетінің арасында Қазақстан 83 орында

«Үш рет ажырассаң себеп сенде»: «Қазақтың Кардашьяны» үш күйеуі туралы айтып берді

Соңғы уақытта «Үш рет ажырассаң себеп сенде. Өзің кінәлісің» деп жазып жатыр

Жапониялық лайнерде болған қазақстандық 4 азамат карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласына Токиодан тағы 16 азамат ұшып келген

Қазақстан аймақтарындағы футболды қаржыландыруға кететін ақша кесілмек

Аймақтағы спортты дамытуға бөлінетін қаржының тең жартысы футболға жұмсалады екен
Çàãðóçêà...