"Балалар мүлдем араласпайды": Сиви Махмуди бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты
Некесі сәтсіз аяқталған әншілердің бірі – Сиви Махмуди. Сылқымның айтуынша, ол бұрынғы күйеуімен мүлдем араласпайды. Сивидің экс-жары тіпті үш перзентін де іздемейтін көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Сивидің өзі Instagram парақшасында айтты.
"Жоқ, мүлдем. Мен де, балапандар да араласпайды", – деп жауап берді Махмуди бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасы жайлы сұрағандарға.
Алайда Сиви әке мен балалардың арасына түспегенін, олардың араласуына тыйым салмағанын атап өтті.
Жуырда Сиви қалыңдық көйлегін киіп, ел алдына шыққан еді. Одан бөлек, Махмуди табынушысынан 101 раушан гүлін алғанын көрсетті. Соған қарап, көпшілік Сиви жақында тағы ақ келін атанады деп болжады. Алайда актрисаның өзі мұны жоққа шығарды.
"Шынымды айтсам, енді тұрмысқа шыққым келмейді. Бірақ болашақта керек. Әзірге ондай жоспарым жоқ", – деді ол.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"