Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы бақылау-өткізу пунктіндегі жол апаты: Зардап шеккен үшінші қызметкердің басына екі ота жасалды

Алматылық ПД бақылау-өткізу пунктінде зардап шеккен үшінші полиция қызметкерінің бас сүйегіне трепанация жасалып, оның жағдайы ауыр екенін мәлім етті. Қазір ол жасанды өкпе желдеткішіне қосылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазымды №7 қалалық клиникалық аурухананың жедел жәрдем бөлміне жеткізілген.

"Оған біріккен жарақат, бас сүйегінің жабық жарақаты, мидағы ауыр контузия, жақ сүйегінің эпидуральды қан кетуі диагнозы қойылды. Сол жақтағы бет қаңқасының сынуы, бас, бет, төменгі арқа, аяқ-қолдардың жұмсақ тіндерінің жарақаты анықталды", - деді Ильдар Курмаев, № 7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары.

Офицерге екі операция жасалды: резекциялық бас сүйегінің трепанациясы және жедел бас сүйегінің гематомасын алып тастау.

"Науқастың жағдайы 26 мамырда ауыр күйінде қалып отыр. Бүгін мидың бақылау томографиясы жасалды. Реанимацияда интенсивті терапия жалғасуда", - деп қосты дәрігер.

Бұған дейін Алматы полиция департаменті Ербұлан Сейдазымның қалай жарақат алғанын айтып берген болатын. Бір нұсқасы бойынша, ол қолында планшетті ұстап тұрып, көліктердің өтуін тексеріп тұрған. Мас жүргізуші бетон қоршауға соғылған кезде, плита үзіндісі ұшып, полиция қызметкеріне тиіп кеткен. Басқа нұсқа бойынша, жүргізуші алдымен Ербұланды қағып өтіп, содан кейін бақылау-өткізу пунктіне соқтығысып, содан кейін - полиция көлігіне соғылған.

Еске салсақ, 25 мамырда мас BMW көлігінің жүргізушісі Көксай ықшамауданындағы бақылау-өткізу пунктіне соғылып, патрульдік көлікке соғылған. Оқиға таңертең, шамамен 05:30 шамасында болған. Көлік ішінде екі полиция қызметкері болды, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі есін жимастан ауруханада бақилық болды. Олар- Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов.

Сонымен қатар, полиция Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде полиция көлігіне соқтығысқан BMW көлігінің жүргізушісі алты жыл құқық қорғау органдарында жұмыс істегенін айтылған еді. 

Талқылау