Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бахтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бахтияр Қожахметов еңбек жолын 2004 жылғы қаңтарда мемлекеттік емес секторда бастаған.
2007 жылдан 2012 жылдар аралығында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ түрлі қызметтер атқарды.
2012-2013 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы.
2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды.
2015ж-"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2015-2019 жылдары квазимемлекеттік компанияларда түрлі басшылық қызметтер атқарды.
2020 жылғы сәуірден желтоқсан аралығында "Зерде" ҰИХ АҚ Басқарма мүшесі-төрағаның орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар