Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Майлыбаев мемлекеттік құпияны таратты деген күдікпен қамауға алынды

ҚР президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев сот шешімімен қамауға алынды деп хабарлады дүйсенбі күні Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметі.

1383398

“2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі (“Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету”) бойынша қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР президенті әкімшілігінің қызметкерлері болған Майлыбаев және Галихин ұсталды”, — делінген хабарламада.

14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді деп атап өтті ведомство. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Бұған дейін Майлыбаевтың ұсталғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде ұтыс көлігіне таласқан жұртшылық сауда үйінде төбелес шығарды

Бала тууға байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады

Серік Ахметов рақымшылық сұрады

Талқылау