Соңғы жаңалықтар

Астанада Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Майлыбаев ұсталды

Астанада жұма күні құқық қорғау органдары жақында ғана ҚР президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінен босатылған Бағлан Майлыбаевты ұстады.

3f85f4c5b6507403a6cb5d8d9d29d884-small

Бұл туралы centrasia.ru хабарлайды.

Оған қызметтік жағдайын пайдаланған және жемқорлыққа қатысы бар деген айыптар тағылуда. Дерек көзі нақты себебін атамаған. Бірақ, 2014-2016 жылдар аралығында астаналық университеттердің бірінде саяси және тарихи зерттеу жүргізу үшін деп бөлінген 1,3 миллиард теңге мемлекет қазынасынан ұрланғаны туралы дерек айтылуда.

Басқа дерек бойынша, Майлыбаевтың және тағы да басқа президент әкімшілігі қызметкерлерінің бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатыстары болуы мүмкін.

Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев 1975 жылы туған. Заң ғылымдарының докторы. 2002 жылдан бері мәдениет министрлігінде, мемлекеттік ірі басылымдар басшылығында қызмет істеп, ҚР президентінің баспасөз хатшысы лауазымына дейін көтерілген.

2011-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып, ішкі саясат пен иделогоияға жауапты болды. “Құрмет”, “Парасат” медалдарымен марапатталған.

12 қаңтар президент жарлығымен қызметінен босатылып, оның орынына Ресейде төтенше және өкілетті елші қызметін атқарған Марат Тәжин тағайындалған еді.

Оқи отырыңыздар:

Серік Ахметов рақымшылық сұрады

Қуандық Бишімбаев кемінде 15 жылға сотталуы мүмкін

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды

Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының тілегін орындады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр