Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының тілегін орындады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының жаңа жылдық тілектерін орындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Президент “Аяз Атаға хат жаз” бастамасын қолдаған. “Қазпошта” АҚ 2014 жылдан бастап қолға алған бұл жоба балғындардың тілектерін орындап келеді.
“Бұл жылы Нұрсұлтан Назарбаев павлодарлық Ардақ Шалабаевтың тілегін орындады. Ол Аяз Атаға ЭКСПО-2017 көрмесіне билет беруді сұрап хат жазыпты. Халықаралық көрмені лайықты атқарып шығу еліміздің негізгі мақсаты. Осы ретте мемлекет басшысы 11 жастағы Ардаққа Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысу үшін төрт билет сыйлады”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Атырау облысы, Махамбет ауданындағы арнайы мектеп-интернатының оқушысына президент тігін машинасын сыйласа, қызылордалық 6 жасар Нұрислам Серіковқа балалар әдебиеті мен Lego конструкциясын табыс етті.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген