Азияда-2025: Қазақстан қоржынына шаңғы жарысынан тағы бір медаль түсті
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Шаңғы жарысынан 10 шақырымдық бағдарламада бәсекеге түскен отандасымыз мәреге үшінші болып келді. 21:20,3 уақытта келген Олжас қолаға қол жеткізді.
Бұл бәсекеде жапондық жігіттер жарады. Харуки Ямашита (21:06,5) алтын жүлдені ұтса, Күншығыс елінің тағы бір өкілі Такатсугу Уда (21:16,5) күміске қол созды.
Бұл бәсекеге Қазақстан құрамасынан тағы үш шаңғышы қатысты. Владислав Ковалев (21:52,6) жарысты алтыншы, Наиль Башмаков (22:12,8) оныншы, Ернар Нұрсбеков (23:10,8) он алтыншы орынмен аяқтады.
- Қазақстан құрамасы Азия ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды
-
Қазақстан құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарында мықтылар қатарынан көріне ала ма?
Айта кетейік, бұған дейін шаңғы акробатика бағдарламасында ел намысын қорғаған аралас құрама күміске қол жеткізгенін жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

