Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы медалін жеңіп алды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында алғаш рет медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сали Сабиров
Қазақстан ерлер құрамасының спортшысы Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Нәтижесінде 246,01 ұпайды еншілеп, қола жүлдені жеңіп алды.
- Азия ойындары-2025: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы финалға шықты
- Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір күміс медаль түсті
- Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы биатлоннан жүлде алды
Бұл бәсекеде Оңтүстік Корея елінің өкілі Ча Джун Хван жеңімпаз атанды. 281,69 ұпай жинаған спортшы алтыннан алқа тақты. Ал екінші орынды 272,76 ұпаймен жапониялық Юма Кагияма жеңді.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаудан 2025 жылғы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі. Бұған дейін, 2017 жылы Элизабет Тұрсынбаева қола медаль иеленген еді.
Талқылау

"Бір күнде 150 мың теңге таптым": Қазақ қызы көркем жазуымен Dior мен Givenchy-дің назарын аударды
Аружан Төлепова: "100-ге жуық шәкіртім бар"

"Дүкенде дөрекілік танытып, қонақүйге кіргізбеді": Қазақстандық блогер Ресей мен Беларусьтегі сапарында болған күтпеген әсерлерін айтты
Блогердің сөзінше, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қарамастан жергілікті халық күнделікті күйбең тіршілігін жалғастырып жатыр