Азия чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық балуандар екі алтын жеңіп алды
Еркін күрестен Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан спортшылары екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.

“Қазақстандық еркін күрес балуандары Астанада өткен Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды. Санжар Досжан (70 келіге дейін) пен Болат Сақаев (79 келіге дейін) финалда жеңіске жетті”, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қола жүлде бар. Оны Рахат Қалжан (57 келі) жеңіп алған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

