Қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы Рахат Қалжан (57 келі) Астана қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында қола алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 3-орын үшін моңғолиялық Занданбудын Занабазармен күш сынасқан. Соңғы секундтарда қазақстандық балуан қарсыласына 1:4 есебімен жеңіліп тұрған еді. Нәтижесінде қарсы әдіс қолданып, 6:4 есебімен жеңіп кетті.
Енді ел құрамасынан Санжар Досжанов (70 келі) және Болат Сақаев (79 келі) финалда белдеседі.
Ал Мұхтар Санжар (65 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

