Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ажалдан аман қалдым": Аша Матай өмірін өзгерткен жол апаты туралы

Аша Матай осыдан бірнеше жыл бұрын болған жол апатын еске алды. Танымал тележүргізуші рөлде отырған жігітті неліктен кешіре алмағанын, әкесімен арадағы түсініспеушілік және ең алғашқы көлігі жайлы Аман Тасығанның "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Ашаның миының шайқалуына себеп болған жол апаты осыдан бірнеше жыл бұрын болған. Аша ағасы Айдармен және оның ең жақын досы Жанболатпен (рөлде отырған) тойдан қайтып келе жатқан. Тұлпар тізгінін ұстаған жігіт жылдамдықты шамадан асырып жіберсе керек, көлік Аша отырған бетпен бағанаға соғылған.

"Ұзақ уақытқа дейін кешіре алмадым. Тіпті Жанболаттың анасы ауруханаға кешірім сұрап келді. Ананың жүрегі қашанда баласы үшін жылайды ғой. Ол кісіге бәрі жақсы болады, кешірдім деп айттым. Анаға басқаша айта алмадым, бірақ кешіре алмадым. Осы өмірден кетіп қалар ма едім? Кетіп қалсам, жақындарым не істеуші еді деген ойлар болды", – деп еске алады Аша. 

Жалғыз қызын әлпештеп, еркелетіп, бетінен қақпай өсірген әкесі осы жол апатынан кейін Ашамен сөйлеспей қойыпты. 

"Неге рөлге өзің отырмадың? Кешке дейін қайда жүрдіңдер?", – деп біраз ренжіді. Тіпті менімен сөйлеспей қойды. Бір айдың көлемінде жады жоғалу болды", – дейді тележүргізуші. 

Аталған көлік оқиғасы Ашаның денсаулығына зақым келтірген. Әлі күнге дейін Ашаның басы ауырады екен. 

"Арман тіпті: "Ойбу, сен сау келмепсің ғой маған", – деп қалжыңдайды. Жол апатынан бетіме зақым келген жоқ, бірақ кішігірім жаралар болды және миым шайқалды", – дейді Аша.

Сондай-ақ тележүргізуші ең алғашқы көлігі туралы айтты. 18 жасқа толғанда әкесі Ашаға Hyundai Elantra көлігін сыйлаған.
 

Талқылау