Азамат Сатыбалды "Парасат" орденімен марапатталды

Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды Президент жарлығымен “Парасат” орденімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Бүгін президентіміздің жарлығымен “Парасат” ордені иегері атандым. Аллаға сансыз шүкір. Сенім артып, қасымнан табылған жақындарыма алғысым шексіз. Сүйікті де, сүйкімді көрерменім мен жанашыр оқырмандарыма рахмет. Жандарым сол. Бәріңді жақсы көремін. Бәріңе жұғысты болсын. Жаратқанның берері таусылмасын. Жыл жақсы босталды. Тек алға!” – деп жазды ол.
Актерді өнердегі әріптестері мен оқырмандары жарыса құттықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Ұлттық құрылтайдың қызметіне атсалысқан бір топ азаматты марапаттағаны хабарланған еді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады