Тоқаев Ұлттық құрылтайдың қызметіне атсалысқан бір топ азаматты марапаттады
Фото: akorda.kz
Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі келесі азаматтар мараматталған:
I дәрежелі "Барыс" орденімен:
- Имандосов Самұрат Жұманұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы;
- Перуашев Азат Тұрлыбекұлы –"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" ҚБ төрағасы, Астана қаласы;

II дәрежелі "Барыс" орденімен:
- Ақылбай Серік Байсейітұлы – "Қазақстан заңгерлер одағы" РҚБ төрағасы, Астана қаласы
- Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – "Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы" ЖШС ғылыми жетекшісі, Астана қаласы
- Тұрлыханов Дәулет Болатұлы – Парламент мәжілісінің депутаты;

III дәрежелі "Барыс" орденімен:
- Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы – "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қостанай облысы;
- Досжан Сәуле Мағазбекқызы – жазушы, Алматы қаласы;
- Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Сабильянов Нұртай Салихұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Ізбасов Максим Шафихұлы – Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі;
- Умарова Айман Муратовна – адвокат, Алматы қаласы;

"Парасат" орденімен:
- Аңсат Сәби Әбдіқадырұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы;
- Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Парламент мәжілісінің депутаты;
- Бикебаев Айдын Жолшыұлы – адвокат, Астана қаласы;
- Кенжеханұлы Рауан – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ президенті, Астана қаласы;
- Көшербаев Айтбай Көшербайұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы;
- Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы – Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты;
- Пономарёв Сергей Михайлович – Парламент мәжілісінің депутаты;

- Сайыров Ерлан Бияхметұлы – Парламент мәжілісінің депутаты;

- Сатыбалды Азамат – актер, Алматы қаласы;
- Сахариянов Қанат Ақылбайұлы – "Media Holding "Atameken Business" ЖШС бас директоры, Астана қаласы;
- Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы – "Тандем" телерадиокомпаниясы" ЖШС бас директоры, Ақтөбе облысы;
- Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы;
- Фазылжан Анар Мұратқызы – "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" РМК директоры, Алматы қаласы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
- Матжани Нұрбек Сейілханұлы – журналист, Астана қаласы;
- Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы – "Хабар" телеарнасының редакторы, жүргізушісі, Қызылорда облысы;
"Шапағат" медалімен:
- Пак Елена Владимировна – "Ассамблея жастары" РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілсін:
- Бақтиярұлы Мұрат – қоғам қайраткері, Қызылорда облысы:
- Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы, Алматы қаласы.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Ассамблея мен Ұлттық құрылтайды біріктіріп, орнына Халық Кеңесін құру туралы бастама көтергені туралы жазған едік.
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты