Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров мешітте неке қидырды
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мобилограф Сәкен Қағаровпен некесін қидырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/
Желі жұлдызы жеке парақшасында жақсы жаңалықты сүйіншіледі.
“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз.
Айта кетейік, блогерге жігіті Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
“Некелерің мәңгілік болсын!” Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай”, “Екі дүниенің бақытын бұйыртсын!”, “Құрған отауларың берік болсын!”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, блогер мобилограф Қыран Талапбекпен шаңырақ көтеріп, кейін ажырасып кеткен еді. Назар есімді ортақ ұлдары бар.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"