"Бәрі жеңіл әрі оңай". Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Музыкант, дизайнер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасына ұлы Назардың атасымен түскен суретін жүктеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
“Мені білмейтін адамдарға айтарым, мен айналамдағы адамдармен жақсы қарым-қатынастамын. Тіпті Назардың ата-әжесімен де, әкесімен де араласамыз. Назардың атасымен түскен суретін көріп, маған жазып жатқан адамдар көп. Менің әлемімде бәрі жеңіл әрі оңай”, – деп жазды Айжұлдыз.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек 2020 жылы шаңырақ көтеріп, араға көп уақыт салмай ажырасып кеткен еді. Бір жылдан кейін екі тарап келісімге келіп, татуласты. Ортақ некеден туған Назардың 1 жас тойында оған Адайбеков деп өз тегін берген болатын.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп ажырастым" деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.