Айқын бейнебаяндарындағы жартылай жалаңаш қыздарды қорғап сөйледі
Айқын Төлепберген халықтың сыни пікірінен қорықпайтынын дәлелдеп келеді. Мұны түсіріп жүрген бейнебаяндарына қарап аңғаруға болады. Мысалы, “Өмірім айқын” бейнебаяны жарыққа шыққан кезде, “жартылай жалаңаш бойжеткендерді көрсетті” деп бетін шымшығандар аз болған жоқ. Бұған әншінің айтары бар екен.
Сурет: Айқын Төлепбергеннің жеке парақшасынан
Бұл туралы Hit TV арнасы хабарлайды.
“Соңғы бейнебаянымда қыздар бассейнге шомылып жүрді. Оны ұятсыз нәрсе деп ойламаймын. Кез келген шетелдің немесе Ресейдің бейнебаяндарымен салыстырғанда, бұл жерде жабық киімдер киген. Мен нені айтып тұрғандарын түсінбеймін”, – дейді әнші.
Махаббат сезімін бейнебаяндары арқылы көрсету жағынан да Айқын алдыңғы қатарда келе жатыр. Әнші “Жалаңаяқ қыз” бейнебаянындағы қыз бен жігіт арасындағы ашық көріністерді, тіпті, ерсі санамайды. Ал ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жалаяақ қызға өлең шұмақтарын арнаған кезде, мұндай видео туындыны көз алдына елестетпеген де болар.
“Жалаңяқ қызда” соншалық ұятсыз нәрсе көрген жоқпын. Шортымен жүрген қыз бен жігіт құшақтасып, жаңбырдың астында келе жатыр. Оның несі ұятсыз? Ал жастарды кішкене тазалыққа үйрету керек сияқты. Қаланың сыртына шықсаңыз, жастар көліктен пакеттер мен бөтелкелер лақтырып жатады. Сол жағын кішкене жөндеулері керек деп ойлаймын. Содан кейін жолдардың бүтіндігіне көбірек мән беру керек сияқты. Кейбір үлкен қалалардың арасында да жол жоқ. Менің саясатқа араласып жатқаным жөн болмас. Десе де, мені де осы мәселелер толғандырады”, – дейді Айқын Төлепберген.
Жіберіп алмаңыз:
Жәния Джуринская “кәрі қыз” болып қалудан қорықпайтынын айтты
Мөлдір Әуелбекова фонограммаға заңмен тыйым салуды талап етті
Қырғыз әншісі Еркенің әнін ұрлап, клип түсіріп алған (видео)
Төреғали үйленіп алып екі балалы болғанша той жасамауының себебін айтты