Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская “кәрі қыз” болып қалудан қорықпайтынын айтты

Жәния Джуринская өзінің жеке өмірін аңдығандардан әбден мезі болғанын жеткізді. Осыған орай, ол не себепті әлі күнге дейін тұрмысқа шықпай жүргенін түсіндірді.

Сурет: Жәния Джуринскаяның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Тұрмысқа шығатын уақытың келді”, “Сен қашан тұрмысқа шығасың?”, “Осылай қанша уақыт жүре бермексің?” Шынымды айтайын, мен жігітпен 5009 жыл бойы кездесіп жүре бере аламын. Бірақ, менімен некелесу мүмкін емес. Бала туу керек дейді. Мен мұның барлығына үлгеремін. Мерген әйелдер туралы мақаланы кездейсоқ оқып қалдым. Өзі құдды маған арнап жазылғандай. Сол жерден барлық сұрақтың жауабын табуға болады.

“Мерген әйелдер мен ерлер тәуелсіздік пен бостанндықты ерекше бағалайды. Заңды некеге жеңіл-желпі қарап, өмір бойы кәрі қыз болып өтуі мүмкін. Ол тым тәуелсіз, саяхаттағанды жақсы көреді. Өзінің тәуелсіздігін жоғалтып алғысы келмейді. Ол үйде отырып, бар күш-жігерін тек отбасына арнаудан қорқады. Егер оған ұсыныс жасағыңыз келсе, жоғарыдағы ойының жүзеге аспайтынына сендіріңіз.

Оны жұмысын тастап, асханада жүруге мәжбүрлемейтініңізді жеткізіңіз. Оның кейбір қызығушылықтарына ортақтасыңыз. Бірге көкке шығып, үйлеріңізге достарыңызды жиі шақырып тұрыңыздар. Ол тұрмысқа шыққаннан кейін де тіршіліктің қайнап жататынына көз жеткізген соң ғана өз келісімін береді”, – деп жазылған. Өздеріңіз түсінгендей мені әлі ешкім өз сөзіне сендіріп көрген жоқ. Ақылдысымақтарға айтарым бар. Мен мүлдем тұрмысқа шығудан бас тартып отырған жоқпын. Мен өзім қалаған уақытта тұрмысқа шығамын! Стереотиптерге түкіргенім бар. Мен бұл отарда жоқпын”, – дейді Жәния Джуринская.

Желі қолданушыларының бірі жақтап, екіншілері сынап жатты. Арасында тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіріп жатқандар да болды. “Пікіріңізге ризамын. Сізді толықтай қолдаймын”, “Сіз қанша жастасыз?”, “Көпшіліктен бөлініп, жырақта жүрудің қажеті жоқ. Әйтпесе, олар сізді бөліп тастауы мүмкін. Шектен шықпайтын кездер болады. Кинода жасандылық көп. Сен киноға түсіп қана қоймай, сол жерде өмір сүретін сияқтысың ғой”, “Қазақ қызына тән емес. Не нәрсе мынау?!” – деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова фонограммаға заңмен тыйым салуды талап етті

Қырғыз әншісі Еркенің әнін ұрлап, клип түсіріп алған (видео)

Төреғали үйленіп алып екі балалы болғанша той жасамауының себебін айтты

Сейфуллин Жолбарыс жас келіншегінен сүйген балаларын көрсетті (фото)

Талқылау