Айына азық-түлікке 300-350 мың теңге жұмсаймын - Көлгінов
Астананың бұрынғы әкімі, премьер-министрдің жаңа орынбасары Алтай Көлгінов үкімет отырысында өз шығындары туралы айтты. Оның айтуынша, отбасы айына азық-түлікке шамамен 300-350 мың теңге жұмсайды екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Журналистер премьер-министрдің орынбасарына жалақысы мен ай сайынғы шығыны туралы сұрақ қойған. Алтай Көлгінов үкіметтегі шенеуніктер мен әкімдердің шамамен бірдей екенін айтып, нақты қанша жалақы алатынын айтпады.
"Әлі жалақымды алған жоқпын, жұмыс істеп жатқаныма екі күн ғана болды. Жоқ, мен оған әлі қол қойған жоқпын (келісімшарт – ред.)", - дейді ол.
Көлгінов азық-түлікті әйелінің қаладағы дүкендерден сатып алатынын түсіндірген.
- Көлгінов үкіметте қандай жұмыспен айналысады – Премьер-министр түсіндірді
- ЛРТ құрылысы екі-үш жылда аяқталады – Астананың жаңа әкімі
"Әйелім, кейде мен, жұмыстан бос уақытым болса барамын", - деген ол.
Айта кетейік, Алтай Көлгінов елорда әкімі болып тұрғанда 1,9 миллион теңге жалақы алған. Ол жалақысының мөлшерін түсіндірген кезде, үлкен жауапкершілік болатынын алға тартқан. Сондай-ақ ол балалары оқитын мектепте оқу ақысы 7 миллион теңгені құрайды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
