Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлгінов үкіметте қандай жұмыспен айналысады – Премьер-министр түсіндірді

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов өзінің жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елорда әкімі: Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отыр

Көлгінов үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді.

"Вице-премьер білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты және т.б. мәселелерді бақылауына алады", –делінген ақпаратта.  



Әлихан Смайылов Алтай Көлгіновке жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тілеген.

Еске салайық, Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Көлгінов 2019 жылдың 13 маусымынан 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін елорда әкімі қызметін атқарды.

 

Талқылау