Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды
Астана қаласының әкімі қызметінен босатылған Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазды Ақорда.
Еске салайық, Көлгінов Астананың әкімі лауазымынан кеше, 8 желтоқсанда босатылған еді.
Ол Астананы 2019-2022 жылдар аралығында басқарды. Оның орнына Жеңіс Қасымбек келді.
Көлгінов 2016-2019 жылдар аралығында БҚО әкімі қызметін атқарған. 2013-2016 жылдары - Орал қаласының әкімі болған.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды