Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЛРТ құрылысы екі-үш жылда аяқталады – Астананың жаңа әкімі

Үкімет кулуарында Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек ЛРТ құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"ЛРТ қаржыландыру мерзіміне байланысты екі-үш жылдың ішінде аяқталады. Газдандыру да жалғасатын болады, қазір ол бүкіл жеке сектор бойынша белсенді жүріп жатыр. Газдандыру қарқыны төмендемейді", – деді Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін.

Ол сондай-ақ журналистерге қазіргі уақытта қандай мәселелерді өзекті деп санайтынын айтты.

"Көптеген мәселелер бар оның бәрі маңызды. Тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері. Келесі жылдың қандай болатынына қарай жылыту маусымына дайындық мәселелері мен ЖЭО-3 құрылысын аяқтау мәселелері бар. Газ станциялары салынуда, желілер мәселесін де айта кеткен жөн", – деді Қасымбек.

Жеңіс Қасымбек жақын арада өзекті мәселелерді талқылау үшін журналистермен кездесуге уәде берді.

Бұған дейін елорда әкімдігі LRT желілерінде арқалықтар мен қадаларды монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеген еді.

2023 жылы темірбетон конструкцияларды орнатуға кірісіп, инженерлік желілерді толықтай жүргізу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 40 жиналмалы арқалық құрастырылған.

Айта кетері, Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға үкімет биыл күзде 20 млрд теңге бөлді.

Бұған дейін жерүсті метро құрылысын аяқтауға 577 млн доллар қажет екені хабарланған болатын.

Талқылау