Соңғы жаңалықтар

Көрермендер халықты "тобыр" деп атаған Айгүл Иманбаевадан кешірім сұрауды талап етті

Айгүл Иманбаеваның ұтыс ойынын жүргізген ұйымдастырушылар кімдер? Олардың халықты алдағаны рас па? "Астарлы ақиқатта" ұйымдастырушылардың бұрын-соңды қандай алаяқтыққа барғаны айтылды.

Бұған дейін бағдарламаға Айгүл Иманбаева мен Бүркіт ұйымдастырушыларын ертіп әкеп, акцияны заңды өткізіп жатқандарын айтып дәлелдемек болған еді. Студияға келген ұйымдастырушылар Дмитрий мен әйелі Сымбат Сейтенованың көрермен бірден танып, редакцияға хат жолдай бастады. 

Екінші мәрте халық алдына шыққан Иманбаева ойынды түбегейлі тоқтататынын айтты. 

Дмитрийдің бұған дейін БАҚ бетінде таралып, алаяқтық бойынша істі болған анықталды. Бұған дейін Қытайда тегін білім алуға шақырып, бірнеше адамнан ақша жинап, ақыры даулы істің ортасында қалған. Оны білетіндер нағыз алаяқ екенін айтып, пікір жазып жатты. Ол "1way to china" атты компания құрып, сол арқылы ақша тапқан. Оның алаяқ екенін көрсеткен көптеген видеолар тарады. 

Ал, Айгүл Иманбаеа бұл туралы білмейтінін айтып ақталды. Әнші кешірім сұрасын деген халықтың талабын орындай ма?

"Мен бұған дейін де түсіндірген болатынмын. Мен "халық - ұлық, тобыр - былық" дедім. Халық - тобыр деген жоқпын. Бұл қазақтың сөзі.  Абай да тобыр туралы айтқан. Тобыр деп адамдар арасына іріткі салатындарды айтады. Бұл жердегі мағына сол. Жаппай халықты тобыр деген емеспін. Ара-жігін ажыратып барып қабылдау керек", - деді әнші. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр