Айгүл Иманбаева 18 күнде алты кг салмақтан арылғанын айтып мақтанды
Тыңдармандары Айгүл Иманбаеваның арықтағанын байқап қалған-ды. Әнші, расымен де, дұрыс тамақтануды қолға алып, аз уақыт ішінде 6 килограмм салмақтан арылған екен.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Әнші аз уақыт ішінде көп нәтижеге қол жеткізудің құпиясын ашты. Бұл үшін белгілі бір диета ұстанудың қажеті жоқ екен.
“Белгілі бір диеата ұстап жүргенім жоқ. 18 күннен бері дұрыс тамақтануды қолға алдым. Сахна адамы болған соң, өзімді барынша қолға алуға тырысамын. Жаз айларында арқаны кеңге салып, тәттіні жеп аламыз. Артыша қыс бойы соны қуалаумен әлек боламыз. Сол нәрсе менің басымда да болып жатыр. 18 күннің ішінде алты килограмм салмақтан арылдым. Ары қарай да арықтай түспекпін. Енді 2 килограммнан арылсам болды. Одан артығы қажет емес”, – дейді Айгүл Иманбаева.
Ал әнші Әйгерім Қалаубаева артық салмақтан физикалық жаттығулар арқылы арылатынын айтып жатыр. “Балалы болғанның әсері шығар деп ойлаймын. Соңғы кезде сәл физикалық қимылдармен айналыспай қалсам, тым еркінсіп кетемін. Арнайы диетаға отырғаным жоқ. Бірақ жаттығу залына міндетті түрде барамын”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Жеңіс Ысқақова: Келіндерімнің барлығы қолымда тұратын болады
Қазақстандық әншілер бала күнгі лақап аттары туралы айтып берді
Тамара Асар: Әйелдің жүктілігі – сенсация жасайтын жаңалық емес
Жұлдыз Өмірғали: Вокалымды жөндесем, KeshYou-ге қайтадан алатын шығар