Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали: Вокалымды жөндесем, KeshYou-ге қайтадан алатын шығар

Жұлдыз Өмірғали топтан кететіні туралы естіген кезде төбе шашының тік тұрғанын жасырмады. Ол әлі күнге дейін топқа қайтып келуді армандап жүр екен. Продюсерлер топқа алуы үшін әнші вокалын шыңдай түсуі қажет. Десе де, бұл әншінің әзілі болуы мүмкін.

17076237_1378756718848408_2052447540841807872_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Топтан кететінім туралы желтоқсан айының басында айтылған. Мені кеңсеге шақырды. Сол кезде Ботаның кететіні анықталды. Осы ортақ шешімімізді әділдік деп білемін. Менің мамандығым – халықаралық экономист. Аталған мамандықпен вокал жағын дұрыс көрсете алмадым. Талантым бар екенін айтып тұр. Бірақ соны әлі де шыңдай түсуім керек. Болашақта вокалымды ретке келтірсем, қайтадан топқа алып қалар. (Күлді.) Сол кезде вокалыма қарағанда, актерлік шеберлігімнің жақсырақ екенін айтып өтті. Актерлік шеберліктен сабақ алып, өзімді тележүргізуші ретінде көрсетуге кеңес берді. Алла қаласа барлығы алда деп сенемін”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Топта 2 жыл қатарынан өнер көсеткен Жұлдыз үшін бұл өзгерістің оңай болмағаны анық. Өзі де қыздармен айырылусудың қиынға соққанын айтып жатыр. Оған “Қазақ аруы” телехикаясында ерекше рөлдердің бірі бұйырған екен.

“Қимастық сезімі, әрине, болды. Бірақ іштей бұл топта ұзақ болмайтынымды білемін. Себебі, арамызда келісім-шарт бар. Оның үстіне топта тек әдемі, жас қыздар болуы керек. Елу жасқа келгенше бұл топта жүре бермеймін. Бұл шешімді ойыммен, жүрегіммен қабылдап отырмын. Осылай дұрыс деп санадым”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың жаңа фильмі “Келін” деп аталмақ

Ашуланған Сиви Махмуди әнші Ринат Баситовтың қымбат көлігінің терезесін шағып тастады (видео)

Нұртас Айдарбеков халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

Желі қолданушылары Димаштың «егізін» тауып берді (фото)

Талқылау