Қазақстандық әншілер бала күнгі лақап аттары туралы айтып берді

Бүгінде танымалдылығы жоғары, елінің сүйікті әншісіне айналған эстрада жұлдыздары балалық шақтарын еске алып, біраз сырларын ақтарды. Шоқтығы биік жұлдыздарды кішкене күнінде ата-аналары қалай еркелеткен екен? Бұл туралы өздері айтып берді.

17494293_365523297181272_1248828880240771072_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Жазира Байырбекова:

Анам мен әкем мені “Жазка” деп еркелететін. Қазіргі күнге дейін “Жазөк” деп атайды. Тоғыз бала болсақ та, барлығымыз ерке болып өстік. Ата-анамыз барлығымызды еркелетіп үлгерді.

Жеңіс Ысқақова:

Әкем мені “Шоқан”, шешем “Женка” дейтін. Әлі күнге дейін солай атайды. Еркелеткен кезде жүрегің сондай езіліп кетеді. Ал әкем мені ер балалар секілді еркелететін. Тіпті ер баланың да атын қойған. Мектептегі сыныптастарым “Женя, Жеңісгүл” дейтін. Сосын “ұзынтұра” деп мазақтайтын. Өзім ұлдарымды таңертең “құлыншақтарым” деп еркелетіп оятамын. Аузыма түскен бар жақсы сөзіммен еркелете беремін. “Өмірім, гүлім, махаббатым, сәнім, өмірімнің мәні, әні” деп бастаймын. Жолдасым мені “Женкабай” дейді. Кейде “Ысқақова” деп те шақырады. Ашуланған кезде “Жеңіс” дейді. Мен оны “Тоқашқа, Папашка” деймін.

Алтынай Жорабаева:

“Қара қызым, дара қызым” деп айтатын. Айтқаны келіп, үйде дара қыз болып өстім. Балаға әке-шешесінің қандай тәрбие бергені,  қалай атағаны бәрібір өмірде әсер етеді екен.

Жұлдыз Өмірғали:

Мені “Жукам, жаным, балапаным” деп еркелететін. Тамақ ішкен кезде нан жемей қойсақ, “цыпа-цыпа” деп отырып жегізетін.


Жіберіп алмаңыз:

Тамара Асар: Әйелдің жүктілігі – сенсация жасайтын жаңалық емес

Жұлдыз Өмірғали: Вокалымды жөндесем, KeshYou-ге қайтадан алатын шығар

Қайрат Нұртастың жаңа фильмі “Келін” деп аталмақ

Ашуланған Сиви Махмуди әнші Ринат Баситовтың қымбат көлігінің терезесін шағып тастады (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр