Соңғы жаңалықтар

Әйелінің опасыздығынан кейін балаларын және өзін өлтірген ер адамның соңғы хабарламасы жарияланды

Әйелімен болған жанжалдан кейін алты жасар ұлын, бір жасар қызын өлтіріп, өзіне-өзі қол салған 37 жастағы Уфа тұрғыны Фазыл Халиков қайғылы оқиғаға дейін дауыстық хабарлама жазып үлгерген, деп хабарлайды "Комсомольская правдаға" сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, қайғылы оқиға сенбіде Башқұртстанда болған - жұбайының опасыздығы туралы білген ер адам балаларын алып, белгісіз бағытқа кеткен. Біраз уақыттан кейін Халиков әйеліне қоңырау шалып, ұлы көз жұмғанын, қызы да біраз уақыттан кейін қаза болатынын айтқан.

Ол інісіне де осындай хабарлама жіберген. 

"Бауырым, қош болыңдар. Әйелім менің көзіме шөп салды, бүгін мойындады. Ол басқа біреуді жақсы көретінін және корпоративті кеште опасыздық жасағанын айтты. Мен балаларды өзіммен бірге алып кетемін", - деді Халиков.

Осыдан кейін Фазыл байланысқа шықпаған.

Бірнеше сағаттан кейін полиция үш мәйіт бар көлікті тапқан. Ер адам көліктің салонын жауып тастаған, содан кейін олардың барлығы тұншығып, көміртегі тотығымен уланған.

Оқиға қарсаңында Фазыл әйеліне хабарласуға тырысқан, бірақ ол телефонын алмаған. Келесі күні таңертең әйел корпоративті кештен кейін үйіне оралғанда, ер адам опасыздық жасады деп күдіктенген.

Кейінірек әйелдің өзі полицияға корпоративті партияда әріптесімен күйеуінің көзіне шөп салғанын және үйге келгенде оған мұны мойындағанын айтты. Осыдан кейін ерлі-зайыптылар қатты ұрысып қалған, Фазыл сүйіктісінің опасыздық жасағанына сене алмады. Әйел душта болған кезде, ол балаларды алып, кетіп қалған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр