Әйелімен татуласқысы келген павлодарлық оның үстінен полицияға арыз түсірді
Павлодар тұрғыны үйден кетіп қалған әйелімен татуласу үшін оның үстінен полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Отбасылық ұрыстан кейін 47 жастағы павлодарлықтың жұбайы ата-анасының үйіне кетіп қалған. Ішімдікке масайып қалған ер адам полицияға хабарласып, 500 мың теңгенің жоғалғанын хабарлады. Ол осылайша әйелін үйге қайтармақ болыпты", - деп хабарланды полициядан.
Алайда күйеуінің бұл әрекеті ешқандай нәтиже бермеген. Әйел сол күйі ата-анасының үйінде қалды.
Полицейлер ер адаммен тілдесіп, келесі жолы мұндай әрекетті қайталамауды сұрады. Өз кезегінде ол түзелетінін, әйелімен татуласатынын айтты.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық