Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдің айқайлаған дауысын естідім": Алматыда әскери қызметкер әйеліне пышақпен шабуылдаған ер адамды ұстаған

Ұлттық ұлан қызметкері, сержант Жарқынбек Айдарханбеков әйеліне және оның анасына бірнеше пышақ жарақатын салған ер адамды ұстаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әскери

Келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген сержант 18 шілдеде үйінде отбасымен бірге болған. Түнгі 23:50 шамасында ол әйелдің дауысын естіп, далаға шыққан. Осы кезде екі әйелді ұрып жатқан ер адамды көрген. 

Қорқып кеткен ер адам "Достық" қалалық зиратына қарай жүгірген. Оның артынан қуған сержант ұстап, жедел жәрдем мен полицияға қоңырау шалған. 

Ер адамның қараңғыны пайдаланып қашып кетпек болғанына қарамастан Ұлттық ұлан қызметкері қоян-қолтық ұрыстың тәсілдерін пайдаланып ұстап алған. 

Айдарханбеков ер адамды оқиға орнына келген полицияға тапсырған. Ал әйелдерді жедел жәрдем қызметі алып кеткен. 

Өз әйеліне шабуылдаған 38 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Жарқынбек Айдарханбеков 5571 әскери бөлімінде қызмет етеді. 

Еске салайық, бұған дейін ер адамның әйелге пышақпен шабуыл жасап, 11 рет жерден пышақтағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау