"11 рет пышақ сұққан": Алматыда ер адам көршісіне шабуыл жасады (видео)
Алматыда ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелге пышақпен шабуыл жасады. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Шабуыл Алматының Наурызбай ауданында болғаны хабарланды. Оқиға куәгерлерінің бірі көршісінің әйеліне 11 рет пышақ сұққанын хабарлаған.
Полиция бұл ақпаратты растады. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелген.
"1991 жылы туған күдікті Х. ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция бөлімі істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, жан-жақты тергеу жұмыстарын жалғастыруда", – деп хабарлады полиция басқармасы.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан