Әйел екі жыл бұрын қайтыс болған күйеуінен бала көтерді
Ұлыбританиядағы Ливерпуль қаласының тұрғыны 2020 жылы қайтыс болған күйеуінен бала көтерді. 33 жастағы Лорен МакГрегордың сөзінше, 2013 жылы күйеуінің миында ісік бар екені анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап.
Ер адам қоңырау шалғысы келген, алайда жары Лореннің атын есіне түсіре алмай қойған. Осы жағдайдан кейін Крис дәрігерге қаралып, миында ісік бар екені анықталған.
Криске ота жасалып, енді түзіле бастаған ісіктің 95%-ын алып тастаған. Бірақ дерт 2016 және 2019 жылдары қайта пайда болып, дәрігер коронавирус пандемиясы басталған соң иммунитетті әлсіретіп алмау үшін химиотерапияны тоқтатуға кеңес берген. 2020 жылы ісік үлкейіп, Крис қайтыс болған.
- Ерлі-зайыптылар ұлын немере сыйламағаны үшін сотқа берді
- Апалы-сіңлі егіздер бір күнде салмағы мен бойлары бірдей сәбилерді дүниеге әкелген
Қайтыс болар алдында Лорен жүкті болуы үшін күйеуінің шәуетін қатырып қойған. Күйеуі қайтыс болған соң 9 айдан кейін әйел ЭКО жасатып, 2021 жылы процедура сәтті өткен.
Қазір әйел жүкті және келешекте осы әдіспен тағы да балалы болу ойда бар екенін жасырмайды. Күйеуі Крис екеуі балалы болуды аңсаған.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді