Апалы-сіңлі егіздер бір күнде салмағы мен бойлары бірдей сәбилерді дүниеге әкелген
АҚШ-тың Калифорния штатында 30 жастағы егіз апалы-сіңлілер бір күнде босанып, өмірге салмағы мен бойлары бірдей екі ұл әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Джилл Юстиниани мен Эрин Чеплак 5 мамырда бір перзентханада босанған. Бірінші болып Джилл сағат 18:39-да сәбиге өмір сыйласа, оның егізі Эрин бес сағаттан кейін перзент сүйген. Екі нәрестенің де салмағы 3,3 кг, бойы 50,8 см болып туған. Өмір есігін ашқан ұлдарға Оливер және Сайлас деген есімдер беріліпті.
Бір күнде босанамыз деген ой үш ұйықтасақ, түсімізге кірмеген еді дейді апалы-сіңлілер. Екеуі де сәбилерін екі түрлі уақытта дүниеге әкелуі керек болған екен.
Қазір екі отбасы балалары жақын болып өсуі үшін көрші үйлерге көшіп келген.
“Бұл біздің балаларымыз үшін ерекше дүние. Енді олар бірге өсіп, бірге ер жетеді. Олар да біз секілді бір-біріне арқа сүйер бауыр болып өсетініне сенімдіміз”, – дейді аналардың бірі.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"