Айдана Меденова туған бауырларымен бірге марқұм анасына арнап бейнебаян түсірді (видео)
Айдана Меденова туған бауырларымен бірге осыдан 10 жыл бұрын өмірден озған анасына арнап бейнебаян түсірді. “Анашым-ай” атты лирикалық туынды көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Айдана Меденованың өнерпаздар отбасынан шыққанын бұған дейін бірнеше мәрте жаздық. Бүгінде еліміздегі ең сұлу әнші атанған Айдана 5 жасынан бастап ата-анасымен және аға-әпкесімен бірге тойларда ән салған. Айдананың ағасы Ермекті жұрт Super Star жобасынан жақсы біледі. Алайда алғашқыда ән әлеміне Ермек қадам басқанымен, бүгінде көпшілік оны тек Айдана Меденованың ағасы ретінде таниды.
Ал үйдің үлкені Назым жастай тұрмыс құрып, әнші атану арманын кейінге ысырған. Дегенмен адам бойына дарыған талант жасқа қарамайды. Бірнеше баланың анасы атанған Назым Меденова бұл сөзіміздің айқын дәлелі. Назым Меденова өмірлік серігімен дуэт құрып, таяуда алғашқы туындысын халық назарына ұсынған болатын.
Анасы өмірден озғанда Айдана небәрі 11-сынып оқушысы болғанын айтады. Өмірдегі ең жақын жаннан айырылған кезде бәрінен бұрын үйдің еркесіне ауыр тиген. Қайғылы оқиғадан бері 10 жыл өткен. Дәл осы себепті Назым, Ермек және Айдана Меденовтер аналарын еске алуды жөн көрген.
Жіберіп алмаңыз:
Айқын сыныптасына ауа тазартқыш сыйлап, ұятқа қалды
Ақын Құрманай Бақтиярқызы өзінен 12 жас кіші жігітке ұл туып бергенін ашық айтты