Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова баянсыз махаббаты жайлы айтты

Айдана Меденова баянсыз махаббаты жайлы сыр шертті. Ол өзі сүйген адамынан бас тартқанын жеткізді. Сондай-ақ, әнші күйеуінің бірінші әйелі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айдана Instagram-да оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Сонда бір оқырман: 

"Қатты жақсы көретін адамыңды қалай жіберуге болады? Егер ешқандай мүмкіндігің болмаса?" - деп сұрады. Оған Меденова: 

"Менің де басымнан өтті. Бірақ менің қолымнан келді", - деп жауап берді. 

Әнші отбасылы азаматқа көз салатын қыздарға қатысты ойын айтты. 

"Көптеген әйелдер сияқты мен де қарсымын. Менің кеңесім, оны жайына жіберіңіз, әйтпесе отбасы бұзылуы мүмкін", - деді ол. 



Айдана Меденова 2015 жылы продюсер Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шықты. Жұптың бүгінде бір қыз, бір ұлы бар. Әлішер Айданаға дейін де некеде болған. 

Алғашқы отбасынан екі ұлы өсіп келеді. Бұл орайда оқырмандар Айданадан күйеуінің бірінші әйелі жайлы сұрады. 

"Тұрмыс құрып, екі бала тапты", - деді ол. 

Сонымен қатар, Айдананың сыртқы келбетіне қызығатын қыз-келіншектер оның диетасы жайлы сұрады. 

"Мен қалағанымды жеймін. Ал бірақ өзім пайдалы, дәмді, әдемі тамақтанғанды ұнатамын. Фастфуд пен түрлі зиянды тағамдарды сирек жегім келеді", - деді Меденова.

 

Талқылау