Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ-қолымды сындырды": Алматылық әйел полицейлерден жәбір көргенін айтты

Алматылық әйел өзін полиция қызметкерлері тұтқындау кезінде соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

Сөзінше, оны Наурызбай ауданының учаскелік испекторы ұрып тастаған. 

“Мен терезенің темірлеріне жармасып алдым. Бірақ инспектор аяғымды сындырып тұрып, мені ажыратып әкетті. Кейіннен машинаға сүйреп кіргізді”, – дейді әйел.

Бұған қоса, ол полицейлердің еш түсіндірместен бөлімшеде ұстағанын айтады. Айтуынша, қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған. 

“Мен қабылдау бөлімінің терезесін ұстап жібермей қойдым. Алайда бұл оны тоқтата қоймады: инспектор саусағымды сындырып тастады. Содан соң сыртқа шығарып ойына келгенді істеді. Қолымды сындырды. Камерадан таса жерге алып барып, түрмеге отырғызамын деп бопсалады. Сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін онымен арпаластым. Мені кінәлі етпекші болды”, – деп қосты тұрғын. 

Алматы қалалық ПД бұл оқиға жайлы пікір білдірді. Тәртіп сақшылары 29 жастағы  келіншектің өзінің ата-әжесін қорқытып ұстап отырғанын, осыған байланысты оған ескерту жарияланғанын атап өтті. 

“28 мамырда 1943 жылы кейуана егде жастағы қарияларға қол көтерген немересіне қарсы арыз жазды. Сондай-ақ әжей әйелдің жанжал кезінде қарттарды көшеге қуып, ұрып-соғып, өгей ағасын түрмеге жабамын деп қорқытатынын жеткізді”, – делінген ПД хабарламасында.

ПД өкілдері әйелдің әкімшілік сотқа келмегендіктен тәртіп сақшылары оны мәжбүрлеп жеткізгенін алға тартады. Қазіргі таңда, зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін полицейлер әйелдің үйіне күн сайын тексеру жүргізеді екен. 

Талқылау