"Аяғы ауыр ма": Ішін жасырған Жұлдыз Өмірғали көпшіліктің назарын аударды
Тойға барып, суреттер жариялаған Айқын мен Жұлдыз көпшіліктің назарын аударды. Жұрт жұлдызды жұпты тағы да сәбилі болады деп болжады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айқын Төлепберген жұбайы Жұлдызды алып, әріптестерінің бірі ұйымдастырған бесік тойға қатысты. Жұбайлар тойда түскен суреттерін жариялады. Онда Жұлдыз ішін ойыншықпен жауып түскен. Онымен қоса, әншінің бет-аузы ісінгенін байқаған көпшілік оның аяғы ауырлағанын болжады.
"Ол жүкті ғой", "Бөпелі болыңыздар", "Ойбу, бірден білдік", "Жұлдыздың аяғы ауыр сияқты ғой, құтты болсын", "О, Жұлдыз екіқабат", "Жасырғанына қарағанда аяғы ауыр ма?" – деп жазды желі қолданушылары.
Ал Жұлдыздың өзі бұл ақпаратқа қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, Айқын мен Жұлдыздың бір ұл, бір қызы бар. Одан бөлек, Төлепбергеннің бірінші некесінен екі перзенті өсіп келеді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді