AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз тұрған үйде жылу да болған жоқ": Байзақова балалық шағын еске алды

Айжан Байзақова қиын-қыстау кезеңде өткен балалық шағын еске алды. Блогердің айтуынша, олар тұрған үйде жылу да болмаған. Ол "өмірде қалағанымды алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым" деп ағынан жарылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кішкентай кезімде біз тіпті, жылуы жоқ жеке үйде тұратынбыз. Анамнан үнемі: "Қашан қалада, жақсы пәтерде тұрамыз?" - деп сұрайтын едім. Ол сабырлы күйде: "Жақында", - деп жауап беретін. Ол менің ашуыма тиетін. "Жақында" деген "ешқашан" сияқты болып көрінетін. Ол сөз әлі де жыныма тиеді. Сол сөзді ешқашан айтпау үшін, қалағанымды қазір алу үшін бәрін істедім", - дейді Байзақова.

Айжанның бұл әңгімені қозғауы бекер емес. Ол бар қиындыққа төзе біліп, інісі екеуін осы күнге жеткізген анасын туған күнімен құттықтады. 

"Анам екеуміз екі түрліміз. Ол сабырлы, ештеңеге қарамастан, өзін толықтай отбасы мен балаларына арнаған адам. Анам сабырлықпен күткен сол "жақында келетін күндер" енді жетті. Туған күніңізбен, сұлуым. Сондай-ақ, сіздерді өжет мінезді әжеммен таныстырғым келеді. Онымен мінезіміз ұқсайды", - дейді блогер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр