Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады

Жүктілігін жария еткен Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады. Ол сәбиінің жынысын көпшілікке айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айсәуле атаулы күнге екі жақтың ата-аналары мен жақын достарын шақырған. Кешті шоумен Мұрат Мұтырғанов жүргізген. 

Бақытбекқызы кешті испан стилінде безендірген. Қыз не ұл деген жазудың өзін испан тілінде жаздырған. Бұл қылығын бикеш былай түсіндірді:  "Менің күйеуім испан тілін жақсы біледі және "Реал" футбол клубының жанкүйері. Бар хикая осы".


Кеш қонақтары УДЗ-ның жауабын білгенге дейін өз нұсқаларын айтып, тіпті бәске ақша тікті. Меймандар жасаған болжамдарына сай, алқызыл және көгілдір түсті киім киіп келген. Бұл да Айсәуленің ойлап тапқан дресс-коды. Баян Алагөзова жиен немересі ұл болады деп, ал Айсәуленің енесі қыз болады деп күткен.

Кештің қалай өткенін көрсеткен Айсәуле көп ұзамай қызды болатынын жариялады.

"Әкең мен анаң сені күтеді. Балақай", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, 2018 жылы тұрмыс құрған Айсәуле жақында жүкті екенін хабарлаған еді. Одан кейін, танымал бикеш 2 жыл бала көтермей жүруінің себебін айтты. Енесі Айсәуленің аяғы ауыр екенін білген соң, ұлы Әлішер мен олардың достарын вакцина алуға мәжбүрлеген.

Талқылау